Облыстық пікірсайыс турнирі

2017 жылы қарашаның 12-ші жұлдызында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы - жастар» атты облыстық пікірсайыс турнир өтті. Турнирге облысымыздың 6 жоғарғы оқу орындарының студенттері мен КТЛ мектеп оқушыларынан құрылған 26 команда қатысты. Турнирде ОҚМФА-ның «Зиялы Қазақ» пікірсайыс клубы үздік ойын көрсетіп, сөз шеберлігі мен ойының жоғары дәрежеде екендігін дәлелдеді.

IMG 20171113 WA0001IMG 20171113 WA0003 1

Турнирдің нәтижесі бойынша:

І орын – ОҚМПИ «Болашақ» клубының спикерлері

ІІ орын – ОҚМУ «Ақиқат» пікірсайыс клубынын спикерлері

III орын - ОКМФА «Зиялы Қазақ» клубының спикерлері

«Үздік төреші» номинациясында -  Асқарбаева Жасмина, ОКМФА

 11 001 12 001

«Үздік қатысушылар» номинациясында – «Зиялы қазақ» пікірсайыс клубы, ОҚМФА женімпаздар болып шықты.

13.11.2017, 04:32
309 қаралым