Оқу-әдістемелік конференция

1119 1

2018 жылдың 17 сәуірінде «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге санитарлық-гигиеналық сараптау: балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы, даму ортасының гигиенасы, балаларды оқыту және тәрбиелеу. Балалар мекемелерін МСЭҚ. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерді орналастыру мен жоспарлаудың гигиеналық принциптері. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау саласындағы  халықаралық актілер мен   заңнамалық негіздері» атты  «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәнінен жобаға бағыттап оқыту бойынша оқу-әдістемелік конференция өтті. Конференцияға медицина факультетінің 2-3 курс студенттері қатысты.

1119 2

Баяндамаларда өз бетінше жүргізілген  санитарлық-гигиеналық тексерулер мен зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша   есептер ұсынылды. Конференцияда көрнекі  материалдар презентациялар, буклеттер, фотосуреттер, макеттер түрінде ұсынылды. Баяндамаларды  қорғау  барысында студенттер мен қонақтарға сұрақтар қойылып, қатысушылар нақты және толық жауап берді. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің  жасалынған макеттері бойынша студенттер өз жұмыстарын ұсынды. Бұл жұмыстың маңыздылығын және студенттердің конференцияға жақсы дайындығын білдіреді.

1119 3

Конференция соңында қатысушылар келесідей марапаттарға ие болды:

Гран При – 407 а, б КДСқ

1 орын– 401 КДСқ

2 орын – 406 а, б КДСқ

3 орын – 403 а, б КДСқ

«Үздік ораторлық қабілет» - 409 КДСо

«Үздік безендірілген жоба» - 404 КДСқ

20.04.2018, 03:44
412 қаралым