ОҚО ӘКІМІ жолдамасымен – ОҚМФА-да білім алу!
2017 жылғы 14 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарына жолдама беру рәсімі өтті. Аталған іс-шараға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы да қатысып, өз үлесін қосты. 2017-2018 оқу жылында бірқатар білім алушылар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жолдамасы бойынша ақысыз білім алу үшін студенттер қатарына қабылданатын болады.
16.07.2017,
22:51
424 қаралым