ОҚМФА жастары «Адал бол!» акция эстафетасын қабылдады!

Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру аясында ОҚМФА жастары және Жастар саясаты бөлімімен «Адал бол!» акциясы өткізіліп, бейнеролик түсірілді. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шараның маңызды кезеңі - Алматы – Шымкент  эстафетасын қабылдау рәсімі болды. ОҚМФА жастары атынан Өзін-өзі дамыту жөніндегі студенттік проректоры Шорабаев Даулет салтанатты түрде қабылдап, адал болуға және осы бағыттағы жұмыстарды белсене атқаруға уәде берді. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО департаменті ОҚО-ның барлық ЖОО басшылары мен жастарын жинап, аталған іс-шараны салтанатты түрде өткізілді. Онда ЖОО-ның бейнероликтері презентацияланып, ОҚМФА бейнеролигі жоғары бағаланды. 

983 1

983 2

983 3

26.04.2017, 05:31
457 қаралым