ОҚМФА қызметкерлері арасындағы ХХХІІІ Спартакиадасы
2017 жылдың 10 және 11ші қаңтар күндері аралығында ОҚМФА қызметкерлері арасындағы жарыс өтті.
Өткен жылғы Спартакиада нәтижелері бойынша «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасы, тағыда жанкүйерлерінің үмітін ақтап, арқан тарту бойынша І орынға ие болды.
ІІ орын - «Физика, математика және информатика», «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедраларының құрама командасы;
ІІІ орын - «Фармацевтік өндірістің технологиясы» кафедрасы.
Магистратура бөлімі, «фармакогнозия және химия» кафедраларының құрама командасы тартысты өткен волейболдан І орынға ие болды.
ІІ орын - «Гигиена -1 және эпидемиология» кафедрасы;
ІІІ орын - «Фармацевтік өндірістің технологиясы» кафедрасына бұйырды.
Жарыстың екінші күні кіші футболдан өткен жарыста, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы І-орынға ие болды.
ІІ орын - «Фармацевтік өндірістің технологиясы» кафедрасы;
ІІІ орын - «Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасы.
Жүлделі орындар грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Серіктес ОҚМФА қызметкерлерінің КО ұйымы болды.