ОҚМФА-ДА ЗАМАНАУИ ФАРМАЦИЯ МЕН МЕДИЦИНАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ФОРУМ ӨТТІ

977 1

Қазақстан өз ғылыми әлеуетін ашып, ғаламдық ғылыми үдеріске енуге талаптануда. Бұл үдеріс шын мәнінде өту үшін ғылыми ақпаратпен алмасу халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференцияларда жүзеге асырылады.  

977 2

Осыған дәлел ретінде айтарымыз, ОҚМФА-да жыл сайын өтетін Қазақстан ғылыми бірлестіктерінің «Заманауи фармация мен медицинадағы инновациялық жетістіктер» атты конференциясына Ресей, Қырғызстан, Украина және Өзбекстан ғалымдары белсенді атсалысты, олар  бәсекеге қабілеттіліктерін ұштау үшін өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды.

977 3

«Бүгінде өз арамызда Қазақстанның медициналық ЖОО-ларынан келген магистрант, докторант сынды болашақ ғалымдарды көруге қуаныштымыз. Кейбіреулер үшін бұл бірінші жарияланымдар, басқалар үшін - ғылымдағы бірінші қадамдар. Осы қадамдарыңыз жемісті болсын, - деп тілек білдірді форумды ашқан ғылыми-клиникалық жұмыс бойынша проректор  Б.К.Нұрмашев, кафедра меңгерушілері Г.А.Дущанова, А.К.Патсаев, Г.Н.Абуова.

977 4

Пленарлық мәжілісте баяндамамен шыққандар: Ж.А. Қауызбай, мед.ғ.к., профессор м.а. (Шымкент қаласы тұрғындарының артеариалды гипертензия асқынуының маусымдық динамикасы); Г.Н.Абуова, мед.ғ.к., профессор м.а. (Қазақстандағы Конго-Крымдық геморрагиялық қызба: мәселелер және щешу жолдары), Ж. Кенжибаев, фармакогнозия және химия кафедрасының магистранты (Турчанинов астрагалының биологиялық белсенді заттарын зерттеу), Ерасыл Толебаев, микробиология кафедрасының оқытушысы (The molecular characteristion of SIGLEC5/14 and 9 on human neutrophil).  

977 5

Пленарлық мәжілістен кейін форумға қатысушылар 7 секцияға.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина және Өзбекстаннан 200-дан астам ғылыми жұмыстар түсті.

Үздік баяндамалар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. 

23.04.2017, 23:44
479 қаралым