ОҚМА жас ғалымдары "дөңгелек үстел" жұмысына қатысты

2021 жылғы 22 маусымда Ресей жаратылыстану Академиясының академигі, Еуропалық жаратылыстану академиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, «Семей медицина университеті» КЕАҚ профессоры С.О. Тапбергеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Фундаменталды және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

1735 1

Наталья Ворошилова «Жариялау этикасының өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Оның жұмысы Академияда жүзеге асырылатын "Пәнаралық рецензияланатын журнал (Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics) құру арқылы ғылыми-жарияланымдық этиканы дамыту» ғылыми жобасына арналды.

1735 2

Дөңгелек үстелге қатысушылар іске асырылып жатқан жобаның өзектілігі мен маңыздылығын бағалады.

Дөңгелек үстел онлайн режимінде, ZOOM платформасында өтті.

29.06.2021, 07:04
477 қаралым