ОҚМА ректорының қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел

14-сәуір күні кіші мәжіліс залында студенттер және магистранттар арасында ОҚМА ғылыми жұмыстарын дамытуға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары ректор, ғылыми-клиникалық жұмыс бойынша проректор, ғылыми-клиникалық бөлім бастығы, медициналық факультет деканы және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 8-11 сәуір аралығында өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясының жеңімпаздары болды. Қатысушыларымыз өз ЖОО-ын өте жақсы дәрежеде көрсете алды және 10 жүлделі орынның иегері атанды: 1-бірінші, 2-екінші және 7-үшінші орындар. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар алдағы уақыттарға жоспарланған жұмыстарын талқылады, сонымен қатар көрсетілген қолдауға алғыс білдірді.

1360 1

1360 2

1360 3

17.04.2019, 02:29
252 қаралым