«ОҚМА аруы – 2019» байқауы өз мәресіне жетті

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» академияның 40 жылдығына орай Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ОҚМА аруы-2019» байқауы өткізілді. 

1364 1

Аталған шараның мақсаты – Жастар жылына сәйкес жастарға қолдау көрсету, салт-дәстүрлерімізді насихаттау, аруларымыздың қабілеттерін ашу, үздіктерді анықтау.

Оқу жылының басында 32 үміткер іріктеуге қатысып, ару қыздарымыз талай сынақтан өтті. Ақтық сынға бақ сынасу үшін 6 аруымыз шықты.

1364 2

Байқау «Мен қазақтың қызымын» ұранымен басталып, ару қыздар өздерін әнмен, көркемсөзбен таныстырды. «Зерделінің ойы озық» кезеңінде тұңғыш Президент Жолдауларынан, қазақтың салт-дәстүрінен, ақын-жазушылардың шығармаларынан, еркін тақырыптарда берілген 10 сұраққа 1 минуттың ішінде жауап беріп, білімдерін көрсетті. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде әр ару бойындағы өнерімен көзге түсті. 

1364 3

«Сұлулық сыры» бағыты бойынша сәнді киім үлгісін көрсеткен аруларымыз әділ қазылардың әділ бағасымен бағаланды. 

1364 4

Байқау қорытындысы бойынша «ОҚМА аруы-2019» Ж.Төрегелді, ІІ орынды – А.Асқарқызы, ІІІ орынды – А.Абдықадыр, «Көрермен көзайымы» - А.Абдрахманова, «Білімді ару» - А.Багирова, «Өнерлі ару» - А.Рахмателла номинацияларымен марапатталып, диплом және қаржылай сыйлықтарға ие болды.

1364 5

19.04.2019, 05:04
342 қаралым