«ОҚМА» АҚ мен «Мой Доктор» ЖШС «Эндокринологиялық хирургия Орталығымен» түзілген ынтымақтастық туралы келісім-шарт

2018 жыл 12 маусымда, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында «Мой Доктор» ЖШС (ары қарай – эндокринологиялық хирургия Орталығы) мен  «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ (ары қарай –Академия) арасында келісім-шартқа қол қойылды.

1075 2

Келісімге қол қою рәсімінен кейін, «Мой Доктор» ЖШС, «Эндокринологиялық хирургия Орталығының» Бас директоры Умирзакова Ляззат Самуратовна баспасөзге сұхбат беру барысында, осы аталған келісім-шартты әзірлеп,  қол қоюға түрткі болған адам иммунитетіне кері әсер ететін және ауыр аурулардың алғышарттары болып табылатын, экологиялық жағымсыз факторлар екенін қысқаша түсіндіріп өтті.

1075 3

Бұл Қазақстанда эндокриндік жүйе ауруларының ауыр деңгейінің тұрақты түрде өсуіне әкелді.

Аталған келісім-шарт эндокриндік жүйе ауруларының алдын алу және емдеу бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты келесі басым бағыттарға сай жүзеге асыруды қарастырады:

- Қазақстан Республикасында эндокринді хирургияны дамыту жоспарын әзірлеу және ұйымдастыру;

-«Академия» базасында Эндокринология және эндокриндік хирургия кафедрасын ашу, онкологиядағы эндокринді хирургтер, гинекологиядағы эндокринді хирургтер, сондай-ақ оториноларингология-хирургтері сияқты қысқаша мамандарды дайындау;

-Қазақстан Республикасында эндокриндік хирургияны дамыту стратегиясын жүргізу бойынша PR іс-шараларын жүргізу;

-«Академия» базасында білікті кадрлар дайындау және «Эндокринологиялық хирургия Орталығы»  базасында ары қарай біліктілігін жоғарылату;

1075 1

Өз кезегінде «Академия» Ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы қол қойылған келісімнің маңыздылығын атап өте отырып, болашақта Қазақстан Республикасында даму стратегиясын бірлесіп әзірлеуге, репродуктивті және эндокриндік гинекология, ЛОР хирургиясы, жақ бетіндегі хирургия, эстетикалық хирургия, медицина  хирургияның дамымаған аймағын дамыту үшін елеулі трамплин болатындығын атап өтті.

1075 4

Қорытындылай келе, тараптар Қазақстандағы жоғары дәлдіктегі эндокринді хирургияны дамыту перспективасы аясында ашылған өзара тиімді инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктерге жоғары баға берді.

15.06.2018, 06:41
370 қаралым