«Нұрболат» Өк Медицина Орталығының жұмыс берушілерімен кездесу

2024 жылдың 02 сәуірінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында» АҚ «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы PhD К.С.Кемельбековтың ұйымдастыруымен және жұмыс беруші «Нұрболат» ӨК медицина орталығының директоры м.ғ.д., профессор И.А.Ташевтың қатысуымен кездесу өтті.
Аталған жиынға 2023-2024оқу жылының бітіруші түлектері: дәрігер-интерндер және резиденттер қатысты. Аталған іс-шараны «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы PhD К.С.Кемельбеков ашты және алғы сөз ретінді аталған шараның мақсаты мен маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Ары қарай сөз кезегі жұмыс беруші «Нұрболат» ӨК медицина орталығының директоры м.ғ.д., профессор И.А.Ташевке берілді. Өз сөзінде жас мамандарды аталған медициналық орталықтың мүмкіндіктерімен таныстырып, жұмысқа шақырды.

Сонымен қатар, аталған медициналық орталықтың директорының орынбасары Г.Ж. Баекенова баяндама жасады. Өз баяндамасында нақты қажетті мамандар мен оларды әлеуметтік қолдау және материалдық қамтамасыз ету, біліктілікті жетілдіру бойынша ақпараттар ұсынылды.

Кездесу барысында түлектерге тапшы мамандықтар бойынша резидентурада оқу мүмкіндіктері қолжетімді екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, мамандарды жұмысқа тарту бойынша үгіт насихаттар айтылды. Түлектер сұрақтар қойып, жауаптар алды. Қызығушылық танытқан түлектер келісім шарттардың ережелерімен танысты.

22.04.2024, 13:58
204 қаралым