Никотинді витаминге ауыстыр!

2019 жылдың 8 сәуір күні ӘМжЖСБ, ЖРО мен Гигиена кафедрасының басшылығымен академия белсенділері (КаzМСА, КазМедЖастары) Шымкент плаза, Мега сауда орталықтарында, Арбат демалыс аймағында «7 сәуір – Денсаулық сақтау күніне» орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Никотинді витаминге ауыстыр!» акциясын ұйымдастырды. Аталған шара барысында тұрғындардың қан қысымы өлшенді. Сонымен қатар, 15 кг. алма тарқатылып, шылым шеккен адамдардан темекісі алынып, дәрумендермен алмастырылды. Жастар жылында жастар  бастамаларына қолдау көрсетіп, халқымыздың денсаулығын жақсарту жолындағы игі жұмыстарымыз жалғасын табады деген ниеттеміз.

1351 1

1351 2

1351 3

1351 4

1351 5

1351 6

10.04.2019, 23:23
323 қаралым