Үндістан мен Қазақстанның достастық күніне арналған онлайн-конференция
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында 2020 жылдың 21 қазанында Қазақстан мен Үндістанның достық күні өтті. Іс-шараның қатысушылары ағылшын тілді студенттер В-ЖМША-15-17, В-ЖМШБ-15-17, В-ЖМШБ-16-17, В-ЖМШБ-16-17 топтары және «Жалпы медицина» мамаңдығының 4 курс В-ЖМШБ-10-17 қазақ тобының студенттері, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы болды.
Іс-шараның мақсаты екі елдің студенттерін жақындастыру, Covid-19 коронавирус инфекциясы туралы ақпарат алмасу және мәдени қарым-қатынас орнату.
Covid-19 коронавирустық инфекциясының Қазақстандағы және Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайы, жүкті әйелдердегі, балалардағы коронавирустық инфекцияның клиникалық көрінісінің ерекшеліктері және реабилитациясы туралы презентациялар жасалды.
Қазақстан мен Үндістан халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында екі елдің негізгі мерекелерін атап өтудің ерекшеліктерін ашатын презентациялар дайындалды, олар қонақтар мен студенттер үшін қызықты әрі мазмұнды болды.
Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
