Үндістан елшілігі өкілінің сапары

30 қараша 2018ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің 1-ші хатшысы Рамалингам мырза келді.

Осы кездесуде академия ректоры, профессор М.Рысбековпен ОҚМА-ға Үндістан елінен білім алуға келетін студенттер және оларға қажетті жағдайларды жасау, болашақтағы серіктестікті дамыту туралы мәселелер талқыланды. Үндістанның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарынан дәріс жүргізу үшін профессорларды шақыру туралы мәселе көтерілді. 

1272 1

Рамалингам мырза ұлы Махатма Гандидің 150 жылдығына байланысты кітаптарды академияға сыйға тартты. Кітаптар Академияның кітапхана-ақпараттық орталығындағы Махатма Гандидың 150 жылдық мерейтойына арнайы рәсімделген бұрышқа орналастырылды.

1272 2

1272 3

Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің өкілі «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1-курста білім алатын үндістан студенттерімен кездесу өткізді.

1272 4

03.12.2018, 06:32
256 қаралым