Наурыз мерекесі құтты болсын!
2021 жылдың 19 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «Болашақ» академиялық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Қош келдің – әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Алғашқы сөзді алған ОҚМА ректоры М.Рысбеков барша әріптестерді «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық пен жұмыстарына сәттілік тіледі.
Іс-шара ОҚМА белсенді студенттері әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасып, ұлттық нақыштағы ән мен биге, салт-дәстүрді насихаттайтын көріністерге жалғасты.
Биыл студенттік ұйымдар арасында «Ұлттық тағамдар» байқауы ұйымдастырылып, концерттің соңында байқау жеңімпаздары мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы бастаған «Ұлттық киіммен жүру» челленджінің қатысушылары ректордың Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекеге келген қонақтар студенттік ұйымдар мен академия әкімшілігі әзірлеген тағамдардан ауыз тиіп көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Барша ұжымды «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
