Нашақорлық пен маскүнемдік – қауіпті індет, алдын алу міндет
ОҚМФА-ның жатақханасында 2015 жылдың 12 қараша күні биохимия, биология және микробиология кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Асилбекова «Мейірбике ісі» мамандығының тәлімгерлік 101 тобының студенттерімен бірге «Нашақорлық пен маскүнемдікке қарсымыз» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.
«Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасын қолдау мақсатында өткізілген бұл тәрбие сағатында студенттер қазіргі таңда төрткүл дүниеде жаһандық қатер болып, бүгінгі күннің бас ауруына айналып отырған нашақорлық пен маскүнемдіктің әлеуметтік, экономикалық, психология – педагогикалық, медицина-биологиялық мәселелері мен оның қасіреті, тигізетін зияны туралы насихаттады. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек еркектердің арасында ғана емес, балалардың, жасөспірімдердің, жеткіншек жастардың, әйелдердің арасында да ең басты дерт болып отыр. Осыған орай студенттер баяндамалар мен өлеңдер оқыды және нашақорлық пен маскүнемдіктің зардабын көріністер көрсету арқылы көрермендерге ой сала отырып, ащы шындық және көркем тәрбие түрінде ой-саналарына жеткізе білді. Қатысушы студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тәрбие сағатына кафедра аға оқытушылары Ордабекова А.Б., Омарова Г.С., Алимжанова Г.Т., Курманбекова Ш.Ж және оқытушы Абдраманова А.А. қатысты.