Мың алғыс дәрігердің барлығына!
2021 жылдың 17 маусым күні медицина қызметкерлерінің мерекесіне байланысты академияның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
ОҚМА ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік іс-шара белсенді студенттердің дәрігерлерді құттықтау бейнеролигімен, «Думан» би-ансамблінің тамаша билерімен, академия түлегі Рысмаханов Саят пен Абдыкадыров Ілиястың әсем әндерімен жалғасып, Бейбарыс Серікбаев пен Нұрлан Ахметовтың орындауындағы «Мың алғыс дәрігердің барлығына» әнімен аяқталды.
Бүкіл әлемді жайлаған - коронавирус пандемиясына байланысты медицина қызметкерлерінің мерекесінің биыл маңызы зор. Әлі де алдыңғы қатарда жүрген бүгінгі күннің батырлары талмай еңбек етіп жатыр. Абзал жандарға алғыс білдіреміз!
«Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы!»
