«Modern methods of teaching foreign languages: Accelerated learning techniques» коучинг

926 1

2017 жылдың 3 ақпан күні «Шет тілдері» кафедрасының меңгерушісі  А.С.Сайфутдинованың ұйымдастыруымен «Modern methods of teaching foreign languages: Accelerated learning techniques» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингке: Л.Д.Жолымбекова- «Морфологиялық және физиологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Г.Н.Абуова– «Жұқпалы аурулар дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі, С.У.Ескерова– «Гигиена-2» кафедрасының меңгерушісі, Р.А.Козыкеева -«Фармакогнозия және химия» кафедрасының ғылыми қызметкері, А.Я.Данилина, Ә.Н.Айтымбетова - «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының оқытушылары, И.Г.Серикбаева– «Терапиялық пәндер» кафедрасы, Ш.А.Халметова - «Медбиофизика, математика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы, А.М. Өтегенов– «ФГЗ және химия» кафедрасының оқытушысы қатысты.

926 2   

Коучинг басында А.С.Сайфутдинова тақырып бойынша қысқаша шолу жасады. Сонымен қатар ағылшын тілін қысқа мерзімде үйрену жолдары ұсынылды. 

Коучингте қарастырылған мәліметтер:

- Термин сөздердің ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктерін; 

- Ағылшын тіліндегі конструкциялардың қолданылу жолдарын (How/like/as);

- Ағылшын тіліндегі слэнгтерді пайдалану тәсілін;

- Жедел түрде ағылшын тілін меңгерудің ең тиімді қолдану әдістерін  көрсетті. 

Көрсетілген мәліметтер бойынша келген қонақтарға тапсырмалар берілді. 

Іс-шара соңында С.У.Ескерова, Ш.А.Халметова, Л.Д.Жолымбекова сөз сөйлеп, коучингтің жоғары деңгейде өткендігін айта отырып, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың көптеп өтілуі туралы өз тілектерін, А.С.Сайфутдиноваға өз алғыстарын білдірді.

926 3

926 4 

13.02.2017, 08:58
411 қаралым