МММУ-мен стратегиялық серіктестігі
И.М. Сеченов атындағы І МММУ және ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедраларының 2013 ж. ынтымақтастық Меморандумы негізіндегі стратегиялық серіктестігі қазіргі таңда ұзақ уақытты және жемісті болып табылады. Кафедралар арасындағы серіктестік аясында студенттердің академиялық ұтқырлығы, «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін өткізу, мамандарды шақыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары және басылымдарды шығару, бірлескен білім беру бағдарламаларын өңдеу және жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатыр.
Серіктес оқу орнымен байланысты әрі қарай дамыту және күшейту, фармацевтика саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындаудағы жаңа бағыттар мен формаларды іздестіру өзара тиімді нәтижелер алуға ықпалын тигізіп келеді.
Бейне сілтемесі: https://sechenov.ru/pressroom/video/125190/