«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ПОҚ-ның Конплаенс офицерімен кездесу

19.04.2024ж. күні ОҚМА АҚ Конплаенс офицері Пернебаев Нургали Алиханович “Микробиология, вирусология және иммунология” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Ол өзінің құзыреттілігімен ПОҚ-ты таныстырды. ОҚМА АҚ сайтындағы өзі жүргізетін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» блогымен, атап айтқанда ОҚМА әдеп бойынша уәкілімен, академиялық адалдық Кодексімен, ОҚМА Әдеп бойынша кеңес кұрамына өзгеріс енгізу туралы бұйрықпен, Әдеп Кеңесінің қызметі туралы ережемен, корпоративті этика ережелерімен, ОҚМА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен, ОҚМА сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен, Қазақстан Респуликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға тұжырымдамасымен, ОҚМА 2020-2022 ж. арналған СЖ көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарымен, ОҚМА 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарымен, іскерлік сыйлықтар, іскерлік қонақжайлылық және өкілдік шығындар ережесімен, ОҚМА Комплаенс офицердің лауазымдық нұсқаулығымен, «Фронт офис», «Комплаенс жедел желісімен» нұсқаулығымен, «Сенім жәшігі» ережесімен таныстырды.

22.04.2024, 13:01
195 қаралым