"Мейірімді жұма" акциясы өтті

2021 жылдың 3 желтоқсан күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен академия белсенді студенттері жүрекке жылу сыйлап "Мейірімді жұма" акциясын ұйымдастырды. Белсенді студенттеріміз қала тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшыларға арнайы контейнерлерде тәтті бәліштер мен ыстық шай таратты. ЛТД қызметкерлері академия студенттеріне риза болып, алғыстарын білдірді.

Әрқашан жақсылық жасайық, бір бірімізге қамқор болып, жылулық сыйлайық!

03.12.2021, 23:37
403 қаралым