Мерекелі алтын күз
23 қазан күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Күзгі асар» байқауы өтті. Күз - әдемі қолөнер туғызатын тамаша уақыт. Ал табиғаттың өзі күзгі шығармашылық идеяларын ұсынады. Күзгі қолөнер бұйымдарын жасау үшін білім алушылар (көкөністер, жемістер, жидектер, құрғақ жапырақтар және т.б.) алтын күздің табиғи материалдарын пайдаланды. Іс-шара барысында білім алушылар күз мезгіліне байланысты дайындаған қол өнерлерін таныстырды. Жәрмеңке ұйымдастырылды. Қол өнерлерін таныстырып, жүлделі орындар алды.
«Күзгі асар» байқауына қатысқан барлық білім алушыларға және тәлімгерлерге алғысымызды білдіреміз.
24.10.2024,
19:22
196 қаралым