Мерей той иелері құттықталды!

2020 жылдың 29 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор Мырзабек Мырзашұлы мерей той иелерін дәстүрлі түрде құттықтады. Арнайы құттықтау папкалары мен гүл шоғын табыстай отырып, оқу орнымыздың ұжымы атынан тілегін жеткізді. Фармация мен медицина мамандарын даярлаудағы жасаған еңбектеріне тоқтап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленгендерін ерекше атап өтті.

1569 1

03.11.2020, 05:38
368 қаралым