«Менің жетістігім -менің нәтижем» сынып сағаты туралы

19.09.2024ж. күні «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының ассистенті Токтарова Г.А. 3 курс «Медицина» мамандығы ВМ-МҚБ-03-22 тәлімгерлік тобына «Еңбек күні» іс-шарасы аясында «Менің жетістігім -менің нәтижем» атты сынып сағатын өткізді.Іс-шараны өткізудегі басты мақсат: білім алушылардың таңдаған мамандығын одан әрі толықтырып түсіндіру, қызығушылығын арттыру арқылы жетістікке жетіп, нәтиже шығаруға ынталандыру.
Кафедра ассистенті Токтарова Г.А. білім алушыларға алдына анық мақсат қоя білуге, нәтижеге жетуге соның бәрін адал еңбекпен атқару керектігін,әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салатын әрі өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын дәрігер мамандығын таңдап,жетістікке жету үшін төзім мен қажымас қайраттылық керектігін атап өтті.
Білім алушыларда ең бірінші дәрігерге терең білім, науқасты сабырмен, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол табу керектігін,бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы екенін,жақсы маман иесі болу жолында білім мен тәрбиенің аса маңызды екенін айтып өтті.

24.09.2024, 14:39
233 қаралым