Менің жетістігім - менің нәтижем

 

сынып сағаты туралы


18.09.2024ж. күні «Жалпы тәжірибелі дәрігер - 1» кафедрасының ассистенті Турсынбаева А.Ж 6 курс «Жалпы медицина» мамандығы ІЖТДҚ 02-24 топ интерндерімен бірігіп, тәрбие жоспарына сай «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбына ашық тәрбие сағатын өткізді..Іс-шараны өткізудегі басты мақсат: білім алушылардың таңдаған мамандығын одан әрі толықтырып түсіндіру, қызығушылығын арттыру арқылы жетістікке жетіп, нәтиже шығаруға ынталандыру.
Кафедра ассистенті Турсынбаева А.Ж білім алушыларға алдына анық мақсат қоя білуге, нәтижеге жетуге соның бәрін адал еңбекпен атқару керектігін,әр минут сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-жігерін салатын әрі өмір мен өлім үстіндегі адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайын дәрігер мамандығын таңдап,жетістікке жету үшін төзім мен қажымас қайраттылық керектігін атап өтті.
Бұл баяндаманың мақсаты, білім алушылардың өзін – өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас буындардың болашақта тұлғалық дамуына жол ашу. Яғни қай елде, қай кезде болмасын бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да жастар,яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы екенін түсіндіру. Сондай-ақ әртүрлі іс-шаралар жастардың ізденіс қабылетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал етуде.

25.09.2024, 09:52
263 қаралым