«Менің Отаным – Қазақстан»
2 қыркүйек күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл құспен тең, кез-келген тіршілік иесі өз туған өлкесінде, туған жерінде бағалы екенін ұғындыру.
Іс-шарада Медицина колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Тайжанова және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т.Сатаев сөз сөйлеп, білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу орнының ішкі талаптары мен ережелеріменен таныстырды.