"Менің мамандығым-менің мақтанышым"
2021 жылдың 27 қыркүйек күні Академияда фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында студент жастар мен ПОҚ ұйымдастыруымен Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының гепатобилиарлы хирургия және трансплантология бөлімшесінің дәрігері Умбетжанов Рахымжан Жолдыбекұлымен және психолог –практик, халықаралық сертификаттардың иегері, магистр Абсатова Гүлжамал Елубаевна кездесуге келді.
Кездесу тақырыбы – "Менің мамандығым-менің мақтанышым". Әңгіме барысында студенттер трансплантология мен психология мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Бұл мамандар өз мамандығында жетекші болып табылады. Өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізу тәжірибесімен бөлісті.
30.09.2021,
16:20
