«Менің елім – Қазақстаным!»

Қазақ елінің ұлттық мерекесі Республика күнін – халықты бірлік пен ынтымақ негізінде дамуға шабыттандыратын идеологиялық тірек деп қарау керек. Осы мақсатта Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында «Менің елім – Қазақстаным!» атты іс шара өттілді. Мемлекеттік Әнұран орындалып, патриоттық әндер айтылды. Кафедра меңгерушісі Сатаев Амангелди Тойболұлы мерекемен арнайы құттықтап, сөз сөйледі. Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.

29.10.2024, 14:36
188 қаралым