«Мен - жас ұстазбын»

2024 ж. сәуір айының 12 күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының жас оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мен-жас ұстазбын» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты жас ұстаздардың жауапкершілік алу мен ынтымақтаса жұмыс істеуін қалыптастыру, топ болып кеңесу арқылы проблемалардың тиімді шешімін таба білуге үйрету, жаңа бастамаларға қатысты шешім қабылдауға толыққанды тартуды қамтамасыз етуге ықпал ету. Іс-шара барысында колледж оқытушылары мен қонақтарына қызықты тапсырмалар беріліп, ойларын ортаға салып талқылады.

18.04.2024, 11:38
82 қаралым