«Мен өлмеймін, өлмейтұғын әнім барда» әнші, ақын, термеші Оспанов Өмірзақ Жұмағұлұлын еске алу кеші
2024 жыл 28 қараша күні Қалалық жастар кітапханасында өткен әнші, ақын, термеші Оспанов Өмірзақ Жұмағұлұлын еске алу кешіне қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.С.Жакипова жалпы медицина студенттерімен кеш қонағы ретінде қатысты. Дарынды сазгер «Мәдениет майталманы» төс белгілерінің иегері, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Шәмші әлемі» гүлзарында ашылған «Жұлдыздар аллеясында» есімі жазылу құрметіне ие болған, әнші, термеші
Оспанов Өмірзақ Жұмағұлұлын еске алу кеші болып өтті.
Қаршадайынан қолына сырнай алып, Нартайдың әндерін нақышына келтіре орындап, жұртты үйіріп алатын Оспанов шығармалары насихатталды. Өзімен қатар жүрген достары, өнер адамдары Қ.Көмек, Н.Шоқай, Б.Оразымбет, А.Наурыз, А.Бердібеков, А.Оспанов, М.Тұрлыханов, Г.Төлебаева, А.Бекенқызы т.б келіп, естеліктерімен бөлісті.
Күн шуағым, нұр шуағым - отбасым,- деп әнге қосқан Өмірзақ ағамыздың жары Дана Оспанова, қарындастары Дүйсенкүл, Айнакүл Оспановалар, Салтанат, Ләззат қыздары, жолын қуып келе жатқан немересі Мақсат кешіміздің қонағы болды. Әкесі жайлы естеліктермен бөлісті. Немересі «Ата сені сағындым» арнауын оқыды.
Ағамыздың өмірі, шығармалары жайлы «Өнерім-өмірім» бейнебаяны көрсетілді. «Дарабоз дарын» тақырыбымен кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды. Өмірін өнермен өрнектеген термеші, сазгер шығармаларынан ән орындалды.