«Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» акциясы

2019 жылдың 5 ақпан күні академия студенттері Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» акциясы аясында ерікті түрде қалалық Қан орталығына барып қан тапсырып қайтты.

1305 2

Бойында мейірімі бар жастарымыз қан орталығы ұжымы мен қан тапсыруға келген Шымкент қаласы тұрғындарының ыстық ықыласы мен алғысына бөленді. 

1305 3

«Қоғам маған не береді емес, мен қоғамға не бере аламын» деген академия жастарының алдағы уақытқа қойған мақсаттары көңіл қуантарлық.

1305 4

Аталған эстафетаны академия жастары барша Түркістан облысының жастарына жолдайды! Жастар жылында жақсылық жасаудан жарысайық!

1305 1

07.02.2019, 23:15
203 қаралым