«Мен Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жас суретшілер арасындағы байқау есебі
Бұл байқау жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін арттыру, еңбекке адалдық пен шынайы табысқа ұмтылысын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз шығармаларын түрлі техникалармен (акварель, майлы бояу, графика, мүсін және т.б.) орындады. Байқаудың басты талабы – шығарманың тақырыпқа сәйкестігі мен эстетикалық мәні.
Қорытынды кезеңде қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдап, жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Бұл шара жас суретшілерді шығармашылық жетістіктерін бағалап, болашақта өнер жолында жаңа белестерге жетуге ынталандырды. Байқау жастарды әлеуметтік жауапкершілікке, адал еңбекке және табысқа жетуге шақырып, адамның қоғамдағы рөлін түсінуге мүмкіндік берді.
04.04.2025,
10:35
