«Мемлекеттік тіл- тәуелсіздік тірегі» форумы
2016 жылы 24 қарашада Шымкент қаласындағы опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығы, Шымкент қаласы әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі» атты форумы болып өтті.
Форумға ОҚМФА атынан қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының оқытушысы А.С.Жакипованың жетекшілігімен, 1 курс фармация мамандығының студенті Д.Бабакозиев , техникалық және кәсіби білім беру факультетінің 4 курс емдеу ісі тобының студенттері Ж. Мусаев, К. Кураев форумның ашылу салтанатына арналған «Бірлігі жарасқан бақытты елміз, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүреміз» сахналық көрінісіне қатысты. Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.