Мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы БРЕЙН РИНГ интеллектуалды ойыны жеңімпаздары

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған БРЕЙН РИНГ интеллектуалды ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік принціпін қалыптастыру болып табылады.

Ойынға мемлекеттік мекемелер арасынан 5 команда қатысып, біздің академиямыздың құрама командасы 1 орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздар велосипед пен арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Шын жүректен академиямыздың жеңімпаздарын құтықтаймыз!!!

22.12.2021, 20:43
409 қаралым