«Мейіргерлердің рөлін жоғарылату» жобасының аясында өткізілген конференция

2017 ж. 24 қазан күні «Облыстық қатерлі ісік» диспансерінде «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының қызметкерлері мен магистранттардың ұйымдастыруымен диспансердің бас дәрігері С.А.Катбаевтың қатысуымен «Мейіргерлердің рөлін жоғарылату» жобасының аясында конференция өтті. Іс-шараны Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Мейіргер ісі» мамандығының 1,2 курс магистранттары мен химиотерапия бөлімшесінің аға мейіргері У.Т. Бимурзаева және мейіргерлер қатысты. Магистранттар көрініс көрсетіп, диспансердегі мейіргерлермен дискуссиялық сұрақ-жауап ұйымдастырды. Қол жуу техникасы бойынша магистранттар мейіргерлермен бірге флешмоб өткізді. Конференцияның соңында қорытынды сөз бас дәрігер С.А Катбаевқа беріліп, алғыс сөзбен аяқталды.

конференцияконференция1конференция2конференция3

25.10.2017, 22:09
429 қаралым