Медицина әлеміне қош келдіңіз!!!

1222 2

2018 жылдың 24 қыркүйек күні Жастар ресурстық орталығында бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты  «Тұсау кесер-2018» іс-шарасы өтті.

Академияның құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы С.С.Сейтжанов шараны ашып беріп,  қатысушыларды елеулі күнмен құттықтады. Студенттік өзін-өзі басқару бөлімінен студенттік проректорлар академияға оқуға түскен студенттерге «Білім кілті» мен студенттік билетті табыстады. Сонымен қатар, ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары балға ие болған бірінші курс студенттері естелік сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты бөлімде студенттер Ант қабылдады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасып, академия жастарының студенттік гимнімен аяқталды.

1222 1

1222 4

1222 3

25.09.2018, 23:08
260 қаралым