Медициналық мамандықтардағы студенттердің бойында SOFT SKILLS дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы.
25.04.25ж. күні ОҚМА-да «Медицина мен фармациядағы заманауи білім беру технологиялары: болашақтағы талаптар мен перспективалар» атты тақырыпта халықаралық ғылыми әдістемелік конференциясы өтті.
Мақсаты: Қазіргі медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы заманауи технологияларды талқылау, болашақтағы кәсіби талаптарға сай кадрлар даярлау жолдарын қарастыру, сондай-ақ инновациялық оқыту әдістерін енгізу арқылы білім сапасын арттыру болып табылады.
Конференцияда «Қазақстан тарихы жән әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ж.О.Нуржанбаева «Медициналық мамандықтардағы студенттердің бойында SOFT SKILLS дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы» атты тақырыпта мазмұнды баяндама жасады.
Семинар барысында, қазіргі кезеңде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда олардың бойында кәсіби дағдыларды ғана қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар универсалды дағдыларды қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.
Конференцияның қорытындысы бойынша PhD доктор Нуржанбаева Жанат Оралбаевна үздік баяндамасы үшін Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
