“Медициналық алғашқы көмек көрсету” мастер класы мен “Репродуктивті денсаулықты насихаттау”

24.12.2024ж ОҚМА №2 жатаханасында “ҚазМед” Қазақстан медицина жастары ұйымының ұйымдастыруымен “Медициналық алғашқы көмек көрсету” мастер класы мен “Репродуктивті денсаулықты насихаттау” іс шаралары өткізілді. Азаматтардың алғашқы көмек көрсету мен репродуктивті денсаулық туралы жеткілікті білімі денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл аурулардың алдын алуға, өмір сапасын жақсартуға және денсаулыққа қатысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Іс шара жетекшісі: Асқар Мерей Еламанқызы. “Медициналық алғашқы көмек көрсету” мастер класының спикері Кумаров Мирас. “Репродуктивті денсаулықты насихаттау” шарасының спикері: Үсен Мөлдір.

24.12.2024, 16:24
139 қаралым