Медицина тарихы бойынша халықаралық студенттік онлайн-олимпиада жүлдегерлері

17.04.25ж. Ғылым күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 95 жылдығына арналған медицина тарихы бойынша халықаралық студенттік олимпиада өтті.
Мақсаты - жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми шығармашылығы мен интеллектуалдық дамуын ынталандыру болып табылады.
Медицина тарихы бойынша халықаралық олимпиада ZOOM платформасында онлайн форматта жүргізілді.

Олимпиадаға ОҚМА-ң «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары мен 2 курс білім алушыларынан құралған «Veritas Medica-2025» командасы қатысты. «Veritas Medica-2025» командасының құрамында кафедраның оқытушылары: Нуржанбаева Ж.О.,Айдарбекова Г.С., Махатова Л.Т., Мырзазия А.Ә., сондай-ақ 2 курс «Медицина» БББ білім алушылары болды.

«Veritas Medica-2025» командасы академияның тарихы, оның медицинаның дамуына қосқан үлесі және ғылыми жетістіктері туралы баяндайтын бейнеролик дайындап таныстырды.
Нәтижесінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының «Veritas Medica-2025» командасы халықаралық студенттік олимпиада 3 орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

24.04.2025, 10:05
51 қаралым