“Медицина қызметкерлері күні”!

2023 жылдың 27 маусым күні «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай академияның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.

Құттықтау сөзімен ОҚМА құрылтайшысы, профессор Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы ашып, қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Медицина саласында қызмет етіп, еңбегі сіңген қызметкерлерді ҚР Денсаулық сақтау Министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, төс белгілері, Құрмет грамотасы, Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлының алғыс хаттары, ректор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлының алғыс хаттары және KPI көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша «Үздік оқытушы-2023», «Үздік ғалым-2023», «Үздік тәлімгер-2023» дипломдарын тапсырып, қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік іс-шара «Шаттық» би тобының тамаша билерімен және Шымкент қаласының Шәмші Қалдаяқов атындағы Филармония әншілерінің әсем әндерімен жалғасты.

 

27.06.2023, 18:06
787 қаралым