Медицина қызметкерлері күні

2022 жылдың 16 маусым күні «Медицина қызметкерлері күні» мерекесіне орай академияның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті.
Құттықтау сөзімен ОҚМА құрылтайшысы, профессор Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы ашып, қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, медицина саласында қызмет етіп, еңбегі сіңген қызметкерлерді ҚР Денсаулық сақтау Министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, төс белгілерімен, Құрмет грамотасымен марапаттаса, ректор М.Рысбеков Құрмет грамотасын тапсырып, қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтады.

Расында, адамзаттың амандығына, жұмыр жердің тұтастығына орасан қауіп төндіріп тұрған індетті ғалымдардың, дəрігер лердің күшімен ғана жеңіп келеміз.

Мерекелік іс-шара «Шаттық» би тобының тамаша билерімен және Шымкент опера және балет театры әншілерінің әсем әндерімен жалғасты.

17.06.2022, 14:23
519 қаралым