Медицина колледжі түлектеріне диплом табысталды!

2023 жылдың 15 наурыз күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының  ұйымдастыруымен  Медицина колледжінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті.  Іс-шараны академиямыздың ректоры профессор Рысбеков М.М ашып беріп, бітіруші түлектерді диплом алуларымен құттықтап, ақ жол тіледі.
Ары  қарай құттықтау сөзді  оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Анартаева М. У, Медицина колледжінің директоры Кушкарова А.М, Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Серикова Б.Ж        мен колледждің студенттік деканы  Өміртай Г.Е жалғастырды. 
Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

16.03.2023, 17:44
321 қаралым