Медицина колледжі түлектеріне диплом табысталды!

2022 жылдың 4 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Медицина колледжінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ ашып беріп, бітіруші түлектерді диплом алуларымен құттықтап, ақ жол тіледі.

Ары қарай құттықтау сөзді Медицина колледжінің директоры Кушкарова Алтыншаш Мухамедкалиевна мен Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелды Тойболұлы жалғастырды.

Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

04.07.2022, 17:07
360 қаралым