«Медицина Аруы-2022»

2022 жылдың 11 сәуір күні ОҚМА-ның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бастауымен, студенттердін өзін-өзі басқару ұйымы Болашак АЖО-ның ұйымдастыруымен, студенттік кәсіп-одақтың демеушілігімен «Медицина Аруы-2022» байқауы өткізілді.
Аталған шараның мақсаты –медициналық білімдерін шыңдау,салт-дәстүрлерімізді насихаттау, аруларымыздың қабілеттерін ашу, үздіктерді анықтау. Аталмыш байқаудың кастингіне 25 аруымыз қатысты, ару қыздарымыз талай сынақтан өтті. Ақтық сынға бақ сынасу үшін 8 аруымыз шықты.

Байқау «Қазақтың қыздары» ұранымен басталып, ару қыздар өздерін әнмен, көркемсөзбен таныстырды.Алғашқы көмек көрсету кезеңінде,аруларымыз медициналық білімдерін көрсетті.

Қазақтың салт-дәстүрінен, ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқып жауап беріп, білімдерін көрсетті. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде әр ару бойындағы өнерімен көзге түсті.

Байқау қорытындысы бойынша: Сапархан Мерейлім Еркеғалиқызы «Медицина аруы-2022» Уалихан Қарақат Маратқызы-Вице-мисс; Байтен Ұлдана Қуанышбекқызы-Вице-мисс(2); Қанағат Шұғыла Рахымқызы-Сәнді ару; Арманқызы Айдын-Көрермен көзайымы.
Номинацияларымен марапатталып, диплом және қаржылай сыйлықтар табысталды.

15.04.2022, 12:30
634 қаралым