М.Дулатовтың 140 жылдығына арналған дөңгелек үстел
16.04.25 ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы және ОҚМА кітапханалық-ақпараттық орталықпен бірлесе отырып қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ағартушы, ақын және қоғам қайраткері М.Дулатовтың 140 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты- жастарға М.Дулатовтың шығармашылық мұрасын насихаттап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ көпшілікті белгісіз құнды деректермен таныстыру.
Міржақып Дулатов - қазақ халқының тарихында ойып тұрып орын алатын ұлттың ардақтысы,қазақ көсемсөзінің іргетасын қалаушылардың бірі, Алаш үкіметінің құрылуына үлес қосқан ұлтжанды қайраткер.
Дөңгелек үстел барысында М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасалып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік мәні туралы пікірталастар өтті.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының кітапханашысы Шохибаева Айжан Мергенбаевна ақынның туған жері, білім алған мекемелері, сондай-ақ оның қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық қызметі туралы тың ақпараттарды жеткізді. Сондай-ақ, қазіргі жастар үшін М. Дулатовтың шығармаларының маңызы мен өзектілігі туралы сөз қозғалды.
Білім алушылар жасанды интелекті технологиясы арқылы арнайы М.Дулатовтың еңбектерін тереңірек түсіндіре білді. М.Дулатовтың мұрасын зерттеуде, аударуда, сақтауда цифрлық технологиялардың маңызы зор екендігі айқындалды.
Дөңгелек үстел соңында кітапхана қызметкері «Қазақ рухын оятқан тұлға» тақырыбында көрмемен таныстырып ақынның еңбектеріне шолу жасады.
Аталмыш іс шараның ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін кафедрамыздың аға оқытушылары М.М.Маликов А.Ж.Ибраимова мен А.Ә.Мырзазия және 1 курс «Медицина» факультетінің білім алушылары Алғыс хаттармен марапатталды.
