Мәңгілік жаса, туған елім – Қазақстан!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалы – демократиялық ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.
24.10.2024ж. Педиатрия-2 кафедрасының ассистенттері, В-ЖМҚА-05-21 топ білім алушыларымен бірге ұйымдастырылған, кезектен тыс, «Мәңгілік жаса, туған елім – Қазақстан!» атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта, білім алушыларға ұлттық сезімді оятып, патриотизмге дайындады. Ашық сабақты Педиатрия-2 кафедрасының доценті, Хатамов Ф.Д ашып берді.
Жиын соңында, Педиатрия-2 кафедрасының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Карсыбаева К.Р. қорытындылап, білім алушыларға өз алғысын білдірді.

24.10.2024, 19:29
183 қаралым