«Мәңгі жаса Жер Ана» тақырыбындағы «Парктер шеруі-2025» табиғатты қорғау акциясы

31 наурыз күні Сабыр Рақымов атындағы әскери мектепте Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесіне орай Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен «Мәңгі жаса Жер Ана» тақырыбында «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы өтті. Іс-шараға қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының оқытушылары А.С.Жакипова, А. Темірованың жетекшілігімен халықаралық факультет В-МШАБ-06-23 тобының білім алушылары қатысты.

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Нұржігітов Сағадат Оразалыұлы акцияға қатысушыларды мерекемен құттықтап өсіп келе жатқан жас ұрпақ буынды табиғатты сүюге,аялауға, көз қарашығындай сақтауға, экологиялық мәселелерге оң көзқараспен қарап, табиғат тазалығын сақтауға шақырды.

Іс шара барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жігіттер гир тасын көтеруден өзара күш сынасты. Акция барысында белсенді тұлғалар алғыс хаттармен марапатталды.

04.04.2025, 11:47
108 қаралым