Мамандыққа қызығушылық танытыңыз!

Осыған дейін Онкология мен радиология ҒЗИ директорының ғылым бойынша орынбасары болып істеген Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректорының кеңесшісі, Америка клиникалық онкологтар қауымдастығының және Еуропалық онкологиялық хирургтер қауымдастығының мүшесі - Даурен Әділлбай осылай дейді.

Д.Әділбайдың Қатерлі ісікті зерттеу бойынша Халықаралық Конференция (Атланта, АҚШ, сәуір, 2019 ж.) жұмысына қатысып, баяндама жасауы, шын мәнінде кәсіби ортаға енуі, жетекші әлемдік деңгейдегі медицина кемеңгерлерімен қарым-қатынасы жаңа идеяларды туғызады деген ойымызды тағы да дәлелдейді.

1349 1

Ол халықаралық кәсіпқой әлемнің құндылықтарының бірі – ашықтық және өздерінің білімімен бөлісу, және біздің студенттерге, болашақ дәрігерлерге медицинадағы үлкен ресурс болып табылатын көптеген білім беру курстарын оқу, олардың көпшілігі тегін, сондай-ақ, түрлі гранттар аясында шетелдерде тағылымдамадан өту арқылы үлкен тәжірибе жинақтау мүмкіндігі деп санайды.

1349 2 

Халықаралық форумның қатысушысы туралы:

- Американдық клиникалық онкологтар қауымдастығының (ASCO, 2008) грантының жеңімпазы, Хьюстон қаласындағы М.Д.Андерсен бас және мойын хирургиясы онкологиялық орталығында тағылымдамадан өту мүмкіндігімен;

- EAFO (Еуразия онкология федерациясы) грантының жеңімпазы, Милан қаласындағы Еуропалық онкологиялық клиникасында көмей (тамақ) хирургиясы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігімен;

- Н.Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығында «Болашақ» бағдарламасы бойынша клиникалық ординатура;

- Дүниежүзілік онкологиялық лидерлер саммитінің (World Cancer Leaders Summit UICC, 2010) мүшесі, Шенжен қ.;

- Грант бойынша әлемдегі ең ескі онкологиялық орталық Нью-Йорк қаласындағы Слоун Кеттеринг атындағы онкологиялық орталығында тағылымдамадан өтті;

- 2017 жылы UICC young leaders халықаралық байқауының 7 жеңімпаздарының бірі;

- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы!

10.04.2019, 00:42
336 қаралым