«Мамандандырылған мейіргерлік көмек» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қарағанды медицина университетінің 3 курс «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының З-001 тобының білім алушылары, «Мамандандырылған мейіргерлік көмек» (5 кредит) пәнін академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына» білім алу мақсатында келді. Білім алушыларға «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті Ж.Б. Бекназарова 19 наурыз бен 1 сәуір аралығында сабақ жүргізді. Бұл бағдарлама білім алушыларға жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ кәсіби тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік береді.
Кафедра білім алушыларға мейіргерлік қызметтің барлық аспектілерін үйретумен қатар, заманауи медициналық зертханалар мен тәжірибелік сабақтар арқылы оқыту сапасын арттырады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы біздің академиялық деңгейімізді көтеріп, болашақта кәсіби маман ретінде дамуымызға зор үлес қосады. Бұл бағдарлама білім алушыларға білім алып қана қоймай, медициналық салада жаңа идеялар мен әдістермен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл тәжірибе басқа жоғары оқу орындарындағы білім алушылармен пікір алмасуға, әртүрлі мәдениеттер мен жұмыс тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясындағы оқыту әдістемелері мен тәжірибесі бізге өзіміздің кәсіби құзыретімізді кеңейтуге жол ашады.
