«Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты І республикалық байқауы

885 1

28 қараша 2016 жылы ҚР ДСӘДМ Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығына орай денсаулық сақтау мекемелері арасында ұйымдастырылған  «Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты  І республикалық байқауы  өтті. Аталған байқауға  Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік фармацевтика академиясы атынан терминдердің мемлекеттік тілде қолданылуын қарастыру комиссиясының төрағасы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қатысып, «Денсаулық сақтау саласындағы  үздік тіл маманы»  аталымының жеңімпазы атанды.

885 2

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік фармацевтика академиясы  «Мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан үздік денсаулық сақтау ұйымы» аталымының жеңімпазы ретінде  мадақтама қағазы мен  бағалы сыйлықпен  марапатталды.

885 3

14.12.2016, 11:08
355 қаралым